Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

"Жасыл мектеп" облыстық қашықтық байқауының қорытындысы.

Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылдың 15 ақпанынан 2021 жылдың 23 сәуіріне дейін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 5-11 сынып оқушылары арасында "Жасыл мектеп" облыстық қашықтық байқауын өткізді.

 Байқау мектеп басшылығымен бірлесіп, сабақтан тыс уақытта  экологияландыру, ғылыми білім, кәсіптік бағдарлау бойынша оқушыларды ғылыми шығармашылыққа тарту  жұмыстарын  жандандыруға арналған. Оқушылардың іс-әрекетінің нәтижесінде жоба түрінде ұсынылған мәселелердің шешімдері пайда болды.

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамның саналы және жауапты тұтынушысын дамыту болып табылады. Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 20 жұмыс ұсынылды.

Сараптау комиссиясының жұмысын бағалау нәтижесі бойынша бірінші орынды  «Аягөз қаласының №1 орта мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы Нұрланов Арнұр, екінші орынды «Аягөз қаласының қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, 9 сынып оқушылары  Сарқытбаева Диана, Қабдылмұрат Нұрлыбек, үшінші орынды  Алтай ауданы, Алтай қаласының «№6 орта мектебі» 10 сынып оқушысы Искандарова Дарья және Катонқарағай ауылы  « Рыков атындағы орта мектеп» 10 сынып оқушылары Рауанқызы Саяжан, Нұрлыбекова Амина иеленді.

Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

26/04/2021 261
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ