
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 24 мамыр мен 7 маусым аралығында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» облыстық білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Бейнеконкурстың мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету, отансүйгіштік сезімін және өз Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, балалардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету, ынталандыру.
Конкурсқа 25 байқау жұмыстары ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Берлхан Жанбота, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ, Өскемен қаласы;
Екінші орын - Аленчинов Данир, Чувашев Вадим, Орагбаев Ерасыл, Бабкина Варвара, Болат Жасмин, «Лев Гумилев атындағы №38 Гимназия» КММ, Өскемен қаласы;
Үшінші орын – Касенова Арина, «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларына сәттілік тілейміз!