Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 25 қыркүйек айында «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауының облыстық кезеңі онлайн-режимде өтті.
Байқаудың мақсаты – жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық шеберлікті арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша іске асыру, сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 14 сынып жетекшілер қатысты. Қатысушылар байқаудың жалпы ережесіне сәйкес жұмыс материалдарын ұсынды. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
І орын
- Социалова Д.Н. Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, «Малонарым орта мектебі» КММ;
- Бекбосынова А.Р. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, «М.Әуезов атындағы Ақжар орта мектеп-интернат-колледжі» КММ;
ІІ орын
- Рүстембекова Г.Р. Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ;
- Алпыспаева А.Б. Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;
ІІІ орын
- Ахметова А.Ж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ;
2. Кадырбаева М.А. Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ.
Байқаудың жеңімпаздарына Социалова Д.Н., Бекбосынова А.Р., Рүстембекова Г.Р., Алпыспаева А.Б. «Үздік сынып жетекші» республикалық байқауына қатысуға жолдама берілді.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби табыс тілейміз!
#Біртұтас_тәрбие #Үздік сынып жетекші