
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2023 жылғы 21 сәуірде жыл сайын ұйымдастырылатын 10+ және 14 + жас санаттары бойынша «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» біліктіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» жыл сайынғы чемпионатын өткізді.
Ауқымды іс-шара «Amanat» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасының аясында өтті, оның шеңберінде облыстың 342 мектебінің әрқайсысында IT-сыныптар ашылды, робототехника кабинеттері, жаңа модификация кабинеттері, интерактивті панельдер сатып алынды, компьютерлік техника жаңартылды. Мұғалімдер облыстың алдыңғы қатарлы педагогтері әзірлеген халықаралық стандартқа сәйкес оқу бағдарламасы бойынша оқытудан өтті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылардың инженерлік және IT мамандықтарға қызығушылығы артты.
Биыл бесінші жыл Чемпионат балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын игеру мақсатында өткізіліп келеді.
Чемпионаттың облыстық кезеңінің қатысушыларын анықтау үшін 13-28 ақпан аралығында облыстың барлық аудан мен қалалар арасында іріктеу турлары өткізілді. Жалпы іріктеу кезеңіне 185 командадан 1000-нан астам оқушы қатысты.
Аудандық кезеңдердің жеңімпаздары 208 ІТ-сынып оқушысы облыстың қалалары мен аудандарының 16 командасы үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бағыттарында жарысты.
Қатысушыларды білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қала кәсіпорындарының өкілдері болып табылатын ғылыми дәрежесі бар кәсіби тәуелсіз сарапшылар бағалады.
Жарыс қорытындысы бойынша «3D-модельдеу» номинациясынан 10+ санаты бойынша бірінші орынды Зайсан ауданының командасы, ал 14+ санаты бойынша Глубокий ауданының командасы иеленді.
«Бағдарламалау» номинациясынан 10+ санаты бойынша Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің балалары бірінші орын алды, ал 14+ санаты бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі командасы ең мықты атанды.
«Спорттық робототехника» номинациясы бойынша 10+ жас санатында «Сызық бойымен жарыс» біліктілігі, «Кегельринг» біліктілігі және «Сумо» бойынша бірінші орынды Өскемен қаласының командасы алды.
«Спорттық робототехника» номинациясынан «Кегельринг квадро», «Танк биатлоны» және «Робосумо» біліктілігі бойынша 14+ жас санатында облыс орталығының командалары жеңімпаз атанды.
Бірақ чемпионаттың басты интригасы мамыр айына дейін сақталады, сол кезде командалық есепте біріншілік жеңімпаздары белгілі болады. Балалар осы жылдың мамыр айында өтетін 10-шы жыл сайынғы «New generation» облыстық IT-фестивалінде бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады. Барлық балалар сертификат алады.
Жарыс соңында «Skills for geeks» чемпионатының әнұраны шырқалды. Айта кететін жайт оның, авторлары чемпионат қатысушылары болып табылады. Әнұранның «Кто, если не я, кто, если не ты, сделает первый шаг для своей страны» (Мен болмасам кім, сен болмасаң кім, өз елі үшін алғашқы қадамды жасайды) деген сөздері чемпионаттың өзіндік ұранына айналды. Ол облыс деңгейінен тыс айтылуы да әбден мүмкін.