
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 14 ақпан мен 28 сәуір аралығында облыс педагогтары арасында қашықтықтан «IT-Ūstaz 2022» облыстық конкурсын өткізді.
Конкурстың мәні:
- ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша білім алушылармен жұмыс жасаудың үздік педагогикалық технологиялары мен әдістемелерін;
- оқушыларды инженерлік мамандықтарда өзін-өзі анықтауға бағыттау мақсатында жоғары технологиялық ортаны пайдалану туралы идеяларды қамтитын педагогтардың үздік жобаларын анықтау және іріктеу болып табылады.
Конкурстың негізгі мақсаты:
- оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының перспективалық бағыттарын әзірлеу саласында орта білім беру ұйымдары мен жекелеген педагог қызметкерлердің инновациялық әлеуетін анықтау;
- педагогтарды, технологиялық проблемалардың кең спектрін шешуге бағытталған инновациялық идеялардың авторларын анықтау және қолдау, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту үшін озық идеяларды енгізу;
-педагогтардың цифрлық ойлау қабілетін қалыптастыру, IT-бағыттарды енгізу режимінде жұмыс істейтін мұғалімдердің қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
- педагог қызметкерлерді жоғары технологиялық білім беру IT-ортасын құру бойынша бірлескен кәсіби қызметке тарту.
Білім беру ұйымдарының педагогтары арасында 20 жұмыс ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Ауезов Ержан Бэкулы, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ оқытушысы.
Екінші орын – Родионова Дарья Сергеевна, Өскемен қаласы, «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ оқытушысы.
Үшінші орын – Еркін Жадыра, Өскемен қаласы, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!