
Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылдың 18 қазанынан 24 қазанына дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Tuğan jerdіŋ tabiğaty» облыстық фото/бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты - жасөспірім ұрпақтың кешенді білімін, Шығыс Қазақстанның өлкетануы туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын фото/бейнеөнер арқылы дамыту болып табылады.
Білім беру ұйымдары оқушыларының 45 жұмысы ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Ұзақпай Дарина Азатқызы, 2 «В» сынып оқушысы, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - Барило Дарья Евгеньевна, 4 «А» сынып оқушысы, «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Үшінші орын - Солтанбекова Дильназ, 9 «А» сынып оқушысы, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Самар ауданы.
«Kreativtı rejiser» номинациясының жеңімпазы – Дудовцева Алёна Александровна, 9 «Б» сынып оқушысы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
«Şyğystyŋ bailyğy» номинациясының жеңімпазы – Бедарева Ксения, 7 «В» сынып оқушысы, «№36 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!