
Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылдың 5 қыркүйегінен 30 қыркүйегіне дейін ұстаздар күні мерекесі шеңберінде ұйымдастырылатын білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Ұстазым, менің ұстазым» облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты - мұғалім мамандығын дәріптеу және оқушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру болып табылады. Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 50 жұмыс ұсынылды.
Жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы 2 санат бойынша жеңімпаздарды анықтады: 1-5 сыныптар, 6-11 сыныптар.
Облыс мектептерінің 1-5 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - 3 «В» сынып оқушылары, «№45 орта бейінді мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - 5 «Б» сынып оқушылары, «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы.
Үшінші орын - Абылхан Әсел Мадиярқызы, 4 «Б» сынып оқушысы, «№48 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Облыс мектептерінің 6-11 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Гладышев Андрей, 11 «Б» сынып оқушысы, Рыспаева Дания, Сергиенко Владислав, Басов Жан - 10 «Б» сынып оқушылары, «Верх-Березовка орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
Екінші орын - Малахов Сергей Александрович, Базылханов Әмір Тасқынұлы, Лавнович Иван Павлович, 9 «Б» сынып оқушылары, «№ 1 мектеп-лицей» КММ, Риддер қаласы.
Үшінші орын – Анастасия Каменева, 11 «А» сынып оқушысы, «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!