
25 мамырда облыстың барлық мектептерінде Соңғы қоңырау соғылды.
Облысымыздың оқушылары «Maqtanyşym, mektebіm!» атты облыстық байқауына қатысып, өздерінің видеоларында мектептеріне деген тілектерін білдірді.
Байқауды ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырып, түлектердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, компьютерлік технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық және эстетикалық әлеуетін дамытуға ықпалын тигізді.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Мұратова Инабат, Қаирбек Мәдина, 9 «В» сынып оқушылары, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ, Семей қаласы;
Екінші орын - 9 «А», 9 «Ә», сынып оқушылары, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ;
Екінші орын - Уәли Жанқуат, Серікқазина Еңлік және 9 «Б» сынып оқушылары, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ, Семей қаласы;
Үшінші орын - Жанахмет Мадина, 9 сынып оқушысы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Жарма ауданы
Үшінші орын - Қызырхан Ағнұр, Қажымұқан Ұлдана, Әділмұрат Мирас, Қабдылхамит Елнұр, Қазыкен Нұрсат, 9 «Ә» сынып оқушылары, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ, Үржар ауданы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!