Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Қыстық каникулдық мектеп – 2024 аясында «Жаратылыстану сауаттылығын дамыту - ББЖМ дайындау, ұйымдастыру және өткізу тиімділігі» онлайн семинарының қорытындысы

Қыстық каникулдық мектеп – 2024 аясында   «Жаратылыстану сауаттылығын дамыту - ББЖМ дайындау, ұйымдастыру және өткізу тиімділігі» онлайн семинарының  қорытындысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылғы 4 және 5 қаңтар аралығында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қыстық каникулдық мектеп жоспарының аясында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне (ББЖМ) 2024 жылы қатысатын облыс мектептерінің химия және биология пәні мұғалімдері үшін «Жаратылыстану сауаттылығын дамыту - ББЖМ дайындау, ұйымдастыру және өткізу тиімділігі» онлайн семинар өткізді.

Семинарда оқушыларды 2024 жылы өтетін ББЖМ-не дайындау мәселелері қаралды. Спикерлер негізгі, орта және жоғары деңгейдегі тапсырмалардың тақырыптарын қарау арқылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша ББЖМ өткізу құрылымына егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар барысында баяндама жасағандар:

- Абай облысы білім басқармасының «Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ» КММ, химия пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші Айжан Камальбековна Каупбаева;

- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі» КММ, биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Гульбақыт Токтарбаевна Темиралова;

- ШҚО білім басқармасының  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ директоры, педагог-зерттеуші Сауле Толеукановна Нурканова;

- ШҚО білім басқармасының  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ химия пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Дарья Игоревна Колмагорова;

- ШҚО білім басқармасының  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ биология пәні мұғалімі, педагог- сарапшы София Мусиновна Хуснутдинова.

Семинар қатысушылары тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызын және өз тәжірибесінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алғанын атап өтті.

Іс-шараға білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне  қатысатын облыстық жалпы білім беретін мектептерінің химия және биология пәндерінің 156 педагогі қатысты.

Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскерлері Г.Б.Блейменова, К.Т. Байболова.

08/01/2024 31
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ