Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Математика, физика, информатика сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық технологияларды қолдану» онлайн семинарының нәтижесі

«Математика, физика, информатика сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық технологияларды қолдану» онлайн семинарының нәтижесі - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Оқыту мен бақылаудың компьютерлік технологиялары білім алушының жеке сұрауларын іске асыруға мүмкіндік беретін, тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін және үздіксіз біліктілікті арттыру кезінде білім алуға қолжетімділік деңгейін арттыратын инновациялық білім беру технологияларының негізіне айналады.

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 27 қарашасында онлайн-сервистер, мобильді құрылғылар базасында жұмыс істейтін ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарын талдау, математика, физика және информатиканы оқыту процесіне инновациялық тәсілдерді іске асыру шеңберінде оларды пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды қалыптастыру мақсатында «Математика, физика, информатика сабақтарында және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық технологияларды пайдалану» онлайн-семинарын өткізді.

Жұмыс тәжірибесімен бөліскендер:

ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ директоры Тинькова Светлана Юрьевна «Білім беру ұйымының цифрлық ортасын жаңғырту» тақырыбында баяндама жасады;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ информатика пәнінің мұғалімі Байрова Гульназ Оралбековна, семинарға қатысушыларды математика, физика, информатика сабақтарында цифрлық платформаларды қолдану тәсілдерімен таныстырды;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№ 37 орта көпсалалы мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Клименко Елена Сергеевна, мұғалімнің жұмысын оңтайландыру және тиімділігі үшін жасанды интеллектті қолдану жолдарын көрсетті;

ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша «Трофим Клименко атындағы орта мектеп – балабақша кешені» КММ математика, информатика пәнінің мұғалімі Нұржан Амангельдиновна Кайынбаева, математика және информатика сабақтарында 4К тиімді әдістерін талқылады;

ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№1 мектеп-лицейі» КММ физика және робототехника мұғалімі Котвицкий Юрий Брониславович, Педагогтарды физика және информатика сабақтарында жасанды интеллекттің интерактивті қосымшаларын қолданумен таныстырды;

ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Самойлова Светлана Федоровна, «Математика сабақтарында цифрлық ресурстарды пайдалану» тақырыбында сөз сөйледі;

ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша  «Октябрь орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Семенюк Иван Евгеньевич, цифрлық технологиялар элементтерін қолдану арқылы оқушыларды зерттеу қызметіне ынталандыру жолдарын көрсетті.

Семинарға қатысушылар оқу процесінде цифрлық технологияларды қолдану оқу процесін оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес дараландыруға, оқу іс-әрекетінің әртүрлі тәсілдерін ескере отырып оқу материалын ұйымдастыруға, оқу материалын көрнекі қабылдауды күшейтуге және меңгеруді жеңілдетуге, оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға мүмкіндік беретіндігімен келісті.

Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Іс-шараға аудандық/калалык әдіскерлері, ЖМБ қауымдастықтарының төрағалары, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика, физика, информатика мұғалімдері қатысты.

27/11/2023 68
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ