Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Заманауи сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылығы және математика пәні мұғалімі шеберлігінің көрсеткіші» онлайн семинарының қорытындысы

«Заманауи сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылығы және математика пәні мұғалімі шеберлігінің көрсеткіші» онлайн семинарының  қорытындысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2023 жылғы 14 желтоқсан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023-2024 оқу жылына арналған функционалдық сауаттылық бойынша  іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі (ББЖМ) 2024 жылы қатысатын облыс мектептерінің математика пәні мұғалімдері үшін «Заманауи сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылығы және математика пәні мұғалімі шеберлігінің көрсеткіші» онлайн семинар өткізді.

Семинарда оқушыларды ББЖМ-не, пәндік олимпиадалар мен конкурстарға дайындау, оқушыларды пәндік олимпиадалар мен шығармашылық жарыстарға дайындауда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, ББЖМ-не әрбір қатысушысы үшін дамудың білім беру траекториясын дұрыс құру мәселелері қаралды.

Семинар барысында:

  • ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ математика пәні мұғалімі Бальзам Мухтаровна Сахариева;
  • ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәні мұғалімі Марина Зайнуллиновна Адильгазинова іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар кәсіби шеберлікті одан әрі арттыру үшін спикерлер ұсынған материалдардың практикалық маңыздылығын, жоғары мотивациялық құндылығын ерекше атап өтті.

Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептерінің математика пәнінің   93 мұғалімі қатысты.

14/12/2023 43
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ