Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығымен 2016 жылдан бастап жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. 6 жыл акцияны өткізу кезінде 13 013 тілек орындалды. Биылғы жылы акция 1 наурызда бастау алған болатын.
Акция барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларының, қамқоршысы атасы, апасы болып табылатын қамқоршы отбасыларының, сондай-ақ ата-аналары мүгедек отбасыларының балаларынан және жасөспірімдерінен Tylek.кz сайты арқылы 2944 тілек-хат орналастырылып, балалардың армандары орындалды. Кішкентай шығысқазақстандықтар өздерінің хаттарында әртүрлі өтініштерін жазды, олардың ерекше тілектері қуыршақ немесе велосипед, коньки немесе шаңғы, күртеше, конструктор, кроссовкалар, әдемі көйлек, бор мен бояу, мектеп жабдықтары және тағы басқаларды алуға тілектерін білдірді.
Балалардың өтініші коммерциялық және басқа да бірқатар ұйымдардың демеушілік көмегінің арқасында орындалды.
Біздің облыстың қайырымды тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындары әртүрлі сыйлықтар алды. Балалардың барлық өтініштері орындалды. Ең белсенді демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.