Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Жүректен жүрекке-2022» қайырымдылық акциясын өткізу қорытындысы

«Жүректен жүрекке-2022» қайырымдылық акциясын өткізу қорытындысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2016 жылдан бастап жыл сайын балаларды қорғау күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізеді. Биыл дәстүр бойынша акция жетінші рет 1 наурызда Алғыс айту күні басталды. Акция барысында барлығы 19 807 баланың тілегі орындалды.

Акцияның идеясы – аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан әрбір бала ізгі тілектерін айтып хат жазады, меценаттар, қамқор азаматтар оны орындай алуы үшін хаттар TYLEK.KZ сайтына жарияланады.

Акция барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларының, қамқоршысы атасы, апасы болып табылатын қамқоршы отбасыларының, сондай-ақ ата-аналары мүгедек отбасыларының балаларынан және жасөспірімдерінен, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардан Tylek.кz сайты  арқылы 6794 тілек-хат орналастырылып, балалардың армандары орындалды. Кішкентай шығысқазақстандықтар өздерінің хаттарында әртүрлі өтініштерін жазды, жұмсақ ойыншықтар, велосипед, күртеше, конструктор, кроссовка, әдемі көйлек, түрлі-түсті қарындаш пен бояулар, кітаптар, мектеп жабдықтары және тағы басқалар олардың ерекше тілектері болды.

Балалардың өтініштері шаруа қожалықтарының, орта және шағын бизнес өкілдерінің, жеке кәсіпкерлердің және облыстың жанашыр тұрғындарының белсенді демеушілік қолдауымен орындалды. Бұл акцияға білім беру мекемелері мен органдарының қызметкерлері де қатысты.

Облыс тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындары түрлі сыйлықтар алды. Балалардың барлық өтініштері орындалды. Ең белсенді демеушілер облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

31/05/2022 350
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ