Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Білім берудің цифрлық трансформациясы» атты облыстық онлайн форсайт-семинардың қорытындысы

«Білім берудің цифрлық трансформациясы»  атты облыстық онлайн форсайт-семинардың қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 4 қарашада «Білім берудің цифрлық трансформациясы» облыстық онлайн форсайт-семинарын өткізді.

Семинарды ұйымдастыру мақсаты: мектеп педагогтарының кәсіби IT бағыты, оның ішінде STEM бойынша біліктілігін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, білім беру процесінде оқытудың жаңа инновациялық құралдары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау, білім беруді трансформациялау үшін цифрлық біліктілікті арттыруға әдіснамалық көмек көрсету. 

Семинарға қалалық және аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ҰБДҚ және Kundelik жұмысына жауапты үйлестірушілер, «Мектептерге арналған PISA-2021» қатысушыларының ішінен мектеп және ІТ үйлестірушілері, математика, физика, информатика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері, Шығыс Қазақстан облысы педагогтарының IT-қоғамдастығының мүшелері қатысты.

Облыстық онлайн форсайт-семинар барысында «Astana Hub «IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының, «STEM ACADEMIA» халықаралық білім беру орталығының, білім беру саласында маманданған жетекші IT-компаниялардың өкілдері, «НЗМ» АҚ педагогикалық шеберлік орталығының және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-тың ШҚО бойынша филиалы, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Kundelik» компаниясының тренерлері, ЖОО оқытушылары және облыстың жетекші педагогтары сөз сөйледі.

Форсайт семинар барысында білім беруді трансформациялауда цифрлық білім беру құралдарының рөлі және облыста IT-сыныптарды дамыту проблемалары, оқушылардың Startup жобаларын іске асырудың жаңа деңгейге шығу мүмкіндіктері, PISA, TIMSS, ISILS халықаралық зерттеулерін цифрландыру сияқты мәселелер талқыланды. Семинар қатысушыларына спикерлер STEM/STEAM білім беру ұғымын түсіндірді, «STEM ACADEMIA» халықаралық білім беру орталығының оқыту бөлімінің жетекшісі Бектұрғанов Азамат Мұратұлының сөзі үлкен қызығушылық тудырды. Барлығы STEM академиясымен ынтымақтастық жасауға қызығушылық білдірді. Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің аға менеджері Үсенов Айбар Қуанышбайұлы ұсынған SturUp мектебінде оқушыларды оқыту мәселесі де қызықтырды.

Фокус-топ жұмысы аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ педагогтары ЅТЕАМ кабинетіндегі жұмыстың практикалық бағыты бойынша презентация ұсынды.

«Білім беруді трансформациялаудағы цифрлық білім беру құралдарының рөлі: басқарушылық және әдістемелік аспектілер» фокус-тобында «Kundelik» компаниясының пайдаланушыларды қолдау қызметінің басшысы Искандерова Алия Аскаровна және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ білім статистикасы және жоспарлау департаментінің бас талдаушысы Бағланова Гүлназ Асылбекқызы сөз сөйледі.

«Digital білім беру кеңістігін кеңейту. IT-біліктілік – IT-сыныптар мен бағдарламалау кабинеттерін дамытудың драйвері» фокус тобы қызығушылық тудырды. Мұнда С.Нұрмағамбетов атындағы  №4 орта мектебінің жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпазы Гатауллина Ольга Ивановна сөз сөйледі.

«Халықаралық зерттеулерді цифрландыру – заманауи кезең» фокус-тобында «НЗМ» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу «БАҰО» АҚ-тың ШҚО бойынша филиалының тренерлері халықаралық зерттеулердің цифрлық форматы туралы айтып берді.

Фокус-топтар жұмысының қорытындысы бойынша «ҰБДҚ толтырудағы олқылықтарды жою», «Кundelik.kz жүйесіндегі цифрлық инновациялар», «Оқушылардың ғылыми және StartUp жобаларына жетекшілік ету», «Педагогикалық дизайн мен жобалаудағы бұлтты технологиялар» тақырыптарын қарастыра отырып, оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды.

05/11/2021 140
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы