Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

9-шы облыстық «New generation» IT-фестивалі

9-шы облыстық «New generation» IT-фестивалі - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2022 жылғы 20 мамырда Өскеменде «Ертіс концерт» алаңында Балалар жылы аясында 9-шы облыстық «New generation» IT-фестивалі өтті. Іс-шарада облыс мектептерінің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Бұл іс-шара – еліміздің шығысындағы білім беру саласындағы жалғыз ауқымды IT-көрме.

IT-фестивальде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар ұсынылып, талқыланды, оқушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. АКТ қолдану саласындағы кәсіби біліктілікті жетілдіру және ақпараттық технологияларды қолданудағы озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында жоба жетекшілеріне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ және STEM Academia шеберлік сыныптарын өткізді.

Фестиваль қатысушылары «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-Жобалар», «Robotime», «ClusterPro» деген 6 секторда өз жұмыстарын таныстырды.

Сондай-ақ, фестиваль алаңында қатысушылар мен келушілер үшін ғылыми ойын-сауық аймағы жұмыс істеді, онда әркім жаңа технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерді, полярлық аюмен толықтырылған шынайылық аймағын, қызықты ойындар орнатылған интерактивті еденді көре алды, ал іс-шара естелік болу үшін жанды 3D аймағында өзге ғаламшарлық қонақтармен немесе фотоүйшіктің ішінде суретке түсіп іс-шараның логотипімен фотосурет алуға болды.

Фестивальдің салтанатты бөлігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Бауржанұлы Сматлаев фестиваль қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың атынан облыс мектептерінің оқушылары ШҚО әкімінің грантына номинанттарға жалпы сомасы 13 миллион теңгеден астам сомаға 14 Start Up-жобаны іске асыруға сертификаттар табыс етті.

Фестиваль аясында «Skills for geeks» облыстық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды облыстық мәслихат хатшысы Д.С. Рыпаков тапсырды, үшінші орын алған Үржар ауданының құрамасы (10+ санатында) және Семей қаласының құрама командасы (14+ санатында) қола медальдар жиынтығын, кубоктар мен бағалы сыйлықтар – оқу дрондарын алды. Екінші орын алған Бородулиха ауданының командасы (10+) және Жарма ауданының құрама командасы (14+) күміс медальдар жиынтығын, кубоктар және бағалы сыйлықтар – 3D принтерлер алды. 10 + санатында Семей қаласының құрама командасы және 14+ санатында Риддер қаласының құрама командасы чемпионаттың жеңімпаздары атанды. Олар Д.С. Рыпаковтың қолынан алтын медальдар жиынтығын және LEGO MINDSTORMS EV3 бағалы сыйлығын алды.

Облыс педагогтары арасында өткен «IT-Ūstaz 2022» байқауының жеңімпаздарын білім басқармасының басшысы С.А. Жұмаділова құттықтап, үшінші орын алған Өскемен қаласындағы «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Еркін Жадыраға көпфункционалды құрылғы – принтер табыстады. Екінші орын үшін ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Родионова Дарья Сергеевна басқарма басшысының қолынан ноутбук алды. Ал байқау жеңімпазы – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Ауезов Ержан Бэкұлы бағалы сыйлық – моноблокқа ие болды.

ШҚО әкімінің грантына номинанттарға жалпы сомасы 13 004 384 теңгеге 14 Start Up-жобаны іске асыруға сертификаттар табысталды.

Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT жобаларды анықтады, ал «Көрермендер көзайымы» жүлдесі көрмеге келушілердің онлайн-дауыс беруі арқылы анықталды.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев үздік IT-жоба конкурсының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтардың сертификаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Үздік IT-жоба байқауының жеңімпаздары:

Гран-при – «Ақылды инкубатор» жобасы, «Қарабұты орта мектебі» КММ оқушысы Рамазанов Ернұр. Жүлде – квадрокоптер.

Бірінші орын – «Ровер моделі»  жобасы, Семей қ., «№ 9 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ оқушысы Ельцов Данил. Жүлде – моноблок.

Екінші орын – «Виртуалды шынайылық технологияларын қолдана отырып, өнеркәсіптік жабдықтарды модельдеу» жобасы. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Жұмабек Еламан, Гольштейн Эдуард, Молдақанов Мадияр. Жүлде – теледидар.

Үшінші орын – «Жидебай 3D модель» жобасы, ШҚО ББ «Абай атындағы орта мектеп-гимназия» КММ оқушылары Ғабиденұлы Әділжан, Мұқаметқали Азамат. Жүлде – ноутбук.

Көрермендер көзайымы жүлдесін  «Антисептикті бүркуге арналған Робот» жобасы жеңіп алды, жоба авторлары Өскемен қ., «Оралхан Бөкей атындағы №44 Лицей» КММ оқушылары Нәбиолда Дильназ, Ермұханбетов Дияс. Жүлде ­– графикалық планшет.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!   

https://kazgazeta.kz/news/125717 

https://www.instagram.com/tv/Cdx_4uLq-il/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.facebook.com/100010672355726/posts/1641895672842829/

https://rudnyi-altai.kz/granty-dlya-yunyh-izobretatelej/

https://altaynews.kz/ru/detail-luchshikh-molodykh-itspetsialistov-vybrali-v-ustkamenogorske/

https://ustinka.kz/kazakhstan/society/73513.html

https://inbusiness.kz/ru/last/it-festival-shkolnikov-i-studentov-proshel-v-vko

https://yk.kz/news/meropriyatiya/v-ust-kamenogorske-otkryilsya-9-oblastnoj-it-festival-new-generation-247786.html

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=532986508297778&id=100047592999685

https://www.facebook.com/100016323794826/posts/pfbid02hELCsdARAyYPk8Cmue3Lbb3MSkUZSWPB5ppbKnXUaBN3JWFwsBGny19u3V7iJcm4l/

https://www.facebook.com/groups/198153217238352/permalink/1615031272217199/

https://aikyn.kz/197379/oskemendik-okushylar-antiseptik-shashatyn-robot-zhasady/ 

21/05/2022 416
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ