2024 жылдың 15 тамыз күні «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесінің шеңберінде «Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» аймақтық пәндік интерактивтік алаңы ұйымдастырылды.
Секциялық отырыста оқыту қазақ тіліндегі мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті (Т1) пәндері бойынша мұғалімдер өз іс-тәжірибелерін көрсетті.
- «Шығыс-Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муратова Еркежан Кумаркановна «Педагогтердің негізгі цифрлық құзыреттіліктерін анықтау»; Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болаева Айнур Кантаевна «Ауыл мектептерінің оқу үдерісінде цифрлық технологияларды пайдаланудың үздік тәжірибелерін тарату» тақырыптарында жұмыстарын ұсынды.
Шара барысында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері Билялова Айгуль Жанахметовна «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.
. Қатысушылар тақырып көлемінде ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін айтып, пікір алмасты, ойларымен бөлісті, жаңа оқу жылына ұсыныстарын білдірді.
Секциялық отырысқа 30-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.