ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ бірлесіп 2023 жылдың 1 желтоқсанында арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері, логопедтері мен дефектологтері үшін «Жалпыұлттық басымдылықтар: Сапалы білім беру бәріне қолжетімді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық.
Теориялық бөлімде «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының, облыстық ПМПК, «Ақ ниет» мектеп-интернатының өкілдері сөз сөйледі.
Практикалық жұмыс барысында «Ақ ниет» мектеп-интернаты», «№2 арнайы мектеп-интернат», «№8 арнайы мектеп-интернат», «Негізгі орта мектеп-интернат» және «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» мамандары арнайы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша өз іс-тәжірибелерін көрсетті.
Шара соңында «Ақ ниет» мектеп-интернатына экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып, арнайы сала мамандарының жұмысындағы өзекті мәселелер көтеріліп, 2024 жылға іс-шаралар жоспары талқыланды. Өткізілген шараның маңыздылығы артты.
Іс-шараға облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының 30-дан астам педагогі қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды.