Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің дөңгелек үстелі

ШҚО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің дөңгелек үстелі - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 1 желтоқсан 2023 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда құзіреттілік орталықтарының маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелді ШҚО ББ «Örken» орталығының Мектепке дейінгі, мектепалды даярлық және бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева А.К. ашып, озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізуге арналған құзіреттілік орталықтарының мақсаты мен міндеттерін айқындап, ШҚО ББ Мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Кажибекова Б.С. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда құзіреттілік орталықтарының маңызы туралы сөз қозғады.

Шара барысында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат балабақша-бөбекжайы» КМҚК директоры Капезова С.Б. құзыреттілік орталығы ретінде атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасап, ұсыныстарын білдірді. ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ директоры Ахаева Н.В. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыру» тақырыбында Астана қаласында өткен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің басшыларының білім жетілдіру курсынан ақпарат беріп, «Балаларды ерте жастан дамыту институты» РММ білім жетілдіру курсының қажеттілігіне баса назар аударды. ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балалар бақшасы»» КМҚК меңгерушісі Кудабаева Н.К. жаңа бағдарламалық мазмұнды игеруде құзіреттілік орталықтарымен тәжірибе алмасу тиімділігі өте жоғары екендігін, балабақша педагогтерімен іс-сапар ұйымдастырып, Өскемен қаласындағы құзіреттілік орталықтарына келіп, көп мағлұмат алғандарын айтып өтті.

Отырыс соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, облысымыздың шалғай аудандарында құзіреттілік орталықтары қалай жұмыс атқарып жатқандары туралы ақпараттарымен бөлісті. Мектепке дейінгі тәрбиенің алдында тұрған өзекті мәселелерін талқылай отыра, құзіреттілік орталықтарына нақтылы тапсырмалар берілді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстың 50 педагогі қатысты.

01/12/2023 46
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ