Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру аясында «Үздік педагог – 2023» байқауы жеңімпаздарының шеберлік сыныптары

«Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру аясында «Үздік педагог – 2023» байқауы жеңімпаздарының шеберлік сыныптары - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылдың 5 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қысқы каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру аясында «Үздік педагог – 2023» байқауы жеңімпаздарының шеберлік сыныптарын Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Уварово орта мектебі» КММ базасында өткізді.  

Аталған іс-шараға 60-тан астам Глубокое ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері қатысты.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы  № 17 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исраилов Руслан Джабраилович «Использование технологии SCRUM для создания слаженной и ответственной команды в работе педагога» тақырыбында;

Өскемен қаласының «Исток» жеке жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Королёва Елена Александровна «4К (креативности, критического мышления, кооперации и коммуникации) через систему интерактивных методов на уроках географии» тақырыбында;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы  № 16 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кошерова Зульфия Уалихановна   «Бастауыш сынып оқушыларының ұсақ қол моторикасы арқылы каллиграфиялық дағдыларын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында ұйымдастырылған секцияларда шебер-сыныптар өткізілді.   

Семинардың пленарлық отырысы барысында Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің жетекшісі конкурстың  қағидаларына сәйкес портфолионы қалыптастыру және оған қатысу шарттарымен талап етілетін құжаттар туралы айтып берді. 

Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және  өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.   

05/01/2024 34
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ