2024 жылы 6 қыркүйекте ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат ұйымдастырды.
Әдістемелік сағаттың мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш білім берудің 2024-2025 оқу жылына арналған мақсат, міндеттерімен таныстыру, құзыреттілік орталықтарының жұмысын үйлестіру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш білім берудің 2024-2025 оқу жылына арналған мақсат, міндеттерімен облыстық білім басқармасының Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Б.Кажибекова таныстырды.
«Баршаға қол жетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы негізінде жасалынған ШҚО-ның Жол картасын жүзеге асыру жөнінде директордың орынбасары Ж.Сагандыкова, мобильді топ пен озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізуге арналған құзыреттілік орталықтарының және консультациялық пункттердің жұмысын үйлестіру бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері А.Қырықбаева және 2024-2025 оқу жылындағы бастауыш білім мазмұнының ерекшіліктері туралы бөлім жетекшісі С.Касенова таныстырды. Жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер айқындалды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алып, кері байланыс берді.