2024 жылғы 4 қаңтарда қысқы каникул мектебі жоспарына сәйкес «Үздіктен үйрен» тақырыбында ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Ластаев атындағы орта мектеп» КММ базасында Катонқарағай ауданының жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен әдістемелік күн өтті.
Сабаққа дайындалуда, функционалдық сауаттылықты дамытуда, білім алушылармен коммуникацияда т.б. салада қолданатын ерекше тиімді әдістерді насихаттау және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іс-шарада «Үздік педагог-2022» атағының иегері тарих пәні мұғалімі, педагог-шебер, т.ғ.к. Р.С Чекетаеваның тәжірибесі таратылды.
Әдістемелік күн барысында Чекетаева Р.С., оқушыларды ғылыми жобаға дайындаудың тиімді жолдары, тарих сабағында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, сабақты өзіндік талдаудың ерекшелігі бойынша шеберлік-сағатын өткізді. Қатысушылармен іс жүзінде жүргізілген топтық жұмыс арқылы сабаққа дайындалуда, өзін дамытуда, білім алушылармен коммуникацияда т.б. салада қолданатын ерекше тиімді әдістер көрсетілді.
«Өркен» өңірлік орталығының ҚГБ әдістемелік бөлімінің әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна облыстық «Үздік тарих пәні мұғалімі» кәсіби байқауына қатысуға дайындалу барысымен таныстырды. Іс-шара соңында кері байланыста қатысушылар берілген толық ақпарат үшін алғыстарын білдірді. Әдістемелік күн педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыратын пайдалы әдіс-тәсілдерді меңгеруге ықпал ете отырып, өте мазмұнды және тамаша өткенін атап өтті.