
2021 жылғы 8 қарашада 15 жастағы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми, математикалық және оқу сауаттылығы деңгейін бағалайтын «Мектептерге арналған PISA» халықаралық апробациялық зерттеуі басталады.
ШҚО-да 32 білім беру ұйымы іріктеліп алынды. Оның ішінде 16 негізгі білім беру ұйымы (14 жалпы білім беретін мектеп және 2 колледж), 5 қала және 9 ауыл мектебі іріктеліп алынды. Зерттеу электронды форматта өтеді.
Апробациялық зерттеуге ШҚО білім беру мекемелерінің 375 оқушысы қатысады.
08/11/2021
115