Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Интерактивті диктант өткізу туралы

Интерактивті диктант өткізу туралы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 27-28 сәуірде 9-сынып оқушылары үшін «Жалпы білім беретін пәндер бойынша автоматтандырылған диагностика» цифрлық платформасында Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған интерактивті диктант өткізді. Біздің Республикамызда Қазақстан халықының бірлігі күні мерекесі жыл сайын 1 мамырда атап өтіледі. Бұл күн әр ұлт пен ұлыстың достығы мен бірлігінің көктемгі символына айналды.
Диктант үш тілде өтті. Диктантқа облыстың 3000-нан астам оқушысы қатысты. Осындай іс-шаралар оқушыларға достас халықтардың салт-дәстүрлерін жақсы білуге көмектеседі және толеранттылық пен отансүйгіштіке баулиды.

29/04/2022 79
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы