
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 4 маусымда облыс мектептерінің 9-сынып оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күнін атап өту қазақстандық қоғам үшін маңызды жалпымемлекеттік маңызға ие. Қоғам мен білім беру кеңістігінің қазіргі жаһандану жағдайында азаматтылық пен патриотизмді тәрбиелеу аса өзекті болды.
Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатында 2021 жылғы 4 маусым күні 9-сынып оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Сабақ отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналды. Ол әдеби-музыкалық композиция форматында интерактивтік технологиялар және оқушылардың цифрлық дағдылары көмегімен өткізілді.
Практикалық бөлімде дефиле, сахналық қойылымдар, сонымен қатар онлайн аудиториямен викторина өткізіліп, оған 2000-нан астам оқушы қатысты.
Сабақ соңында барлық қатысушылар сабақтың ерекше форматын атап өтті. «Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың патриоттық санасының қалыптасуына ықпал етеді», – деп атап өтті қатысушылардың бірі.