
"Наурыз 2023" көктемгі мерекесін мерекелеу аясында интерактивті сабақтар өткізу туралы!»
ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы Қазақстан халқының дәстүрлі құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру, гуманистік идеяларды, бейбітшілік, мейірімділік құндылықтарын тарату, адамдарды өзара құрметтеу мақсатында 2023 жылғы 15 наурызда " Күлімде Наурыз, күлімде!", "Наурыз 2023" мерекесіне орай 5-сыныптарға арналған екі тілді интеллектуалды ойын форматында өтті.
Бұл іс-шараның ерекшелігі интеллектуалды ойын арқылы оқушылардың мереке тарихына, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүріне, қазақ халқының бай және өзіндік мәдениетіне қатысты ақпараттық өрісін дамыту болды.
Практикалық бөлімде балалар кластерлер құрып, сұрақтар мен жауаптар арқылы онлайн аудиториямен жұмыс жасады.
Іс-шараға облыстың 5-сыныптар арасынан 1200 оқушы қатысты.