Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

PISA-2022 апробациялық зерттеуіне дайындық шеңберінде мониторинг жүргізу туралы

PISA-2022 апробациялық зерттеуіне дайындық шеңберінде мониторинг жүргізу туралы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 18-19 наурызда облыс мектептерін PISA-2022 апробациялық халықаралық зерттеуіне дайындау мақсатында зерттеуге қатысатын мектептердің 9-сынып оқушылары арасында диагностика жүргізді. Зерттеуге қатысқан мектептер – Өскемен қаласы «№39 орта мектебі» КММ, «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, «№7 орта мектеп» КММ, «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектеп» КММ, «№ 46 орта мектеп» КММ, Аягөз ауданы, Ақтоғай кентінің «№8 орта мектебі» КММ, Семей қаласының «№44 жалпы білім беру орта мектебі» КММ, «№ 6 гимназия» КММ, «№ 3 жалпы білім беру орта мектеп-кешені» КММ, «№ 28 жалпы орта білім беру мектебі» КММ, «Ә. Бөкейханов атындағы №39 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.  

Тестілеуге 1038 оқушы қатысты.

Мониторинг барысында қиындық тудырған сұрақтар анықталды. Математикалық сауаттылық бойынша: графиктер, ақпараттың балама көздеріне сүйеніп жасалған логикалық тапсырмалар; оқу сауаттылығы бойынша – ақпаратты талдау және түсіндіру; жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша – бар білім мен тәжірибеге сүйене отырып, есептерді шешу кезінде формулаларды қолдану.

Тестілеу аяқталғаннан кейін ұсыныстар берілді және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мен оқу сауаттылығы бойынша олқылықтарды жою, цифрлық білім беру ресурстары арқылы PISA апробациялық зерттеулеріне дайындық бойынша алгоритм әзірленді.

 

19/03/2021 817
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ