Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

PISA-2022 апробациялық зерттеуіне дайындық бойынша семинар өткізу

PISA-2022 апробациялық зерттеуіне дайындық бойынша семинар өткізу - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

PISA-2022 апробациялық зерттеуіне сапалы дайындық мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 31 наурызда зерттеуге қатысатын мектептердің жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне «Ілгері деңгейлі математикадан есептерді шешу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинарға PISA-2022 апробациялық зерттеуіне қатысатын 100-ден астам мұғалім мен мектеп үйлестірушісі қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Н.Т. Нургалиева және А.Ю. Куликовамен бірге мұғалімдер PISA-ның «ілгері» деңгейлі тапсырмаларын шешті. Сондай-ақ, оқушылардың креативті ойлауын дамытуға және қосымша құрылыс пен модельдеуге геометрия бойынша тапсырмаларды шешуге баса назар аударылды.

Семинар соңында оқушыларды цифрлық ресурстар арқылы апробациялық зерттеуге дайындау бойынша жалпы ұсыныстар берілді.

Документы центра

01/04/2021 719
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы