Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Оқыту семинарын өткізу туралы

Оқыту семинарын өткізу туралы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалымен бірлесіп «Мектептерге арналған PISA-2021» апробациялық зерттеуіне қатысатын мектеп оқушылары мен педагогтарын аталған іс-шараға сапалы дайындау мақсатында 2021 жылғы 2 қарашада мектеп үйлестірушілеріне, математика және жаратылыстану-ғылыми цикл, лингвистикалық цикл мұғалімдеріне, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандарына «PISA» халықаралық зерттеуіне дайындалудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар аясында төрт секция жұмыс жасады: сыни тұрғысынан ойлау, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
Семинардың теориялық бөлімінде алдыңғы «PISA» зерттеулерінде жіберілген қателіктерге талдау жүргізілді, PISA-2018 зерттеуіне қатысып, көш бастаған елдердің зерттеуге дайындалуының модельдері қарастырылды.
Семинардың практикалық бөлімінде оқушылардың креативті ойлау қабілеттерін дамытуға және уақыт бірлігінде креативті идеяларды қалыптастыруға бағытталған тапсырма түрлері пысықталды.
Семинар соңында апробациялық және негізгі зерттеуді жақсы тапсыру үшін ұсыныстар берілді.
Іс-шараға облыстың білім беру мекемелерінің 2000-ға жуық педагогтары қатысты.

03/11/2021 116
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы