Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы облыс мектептерін PISA-2021 апробациялық халықаралық зерттеуіне дайындау мақсатында 2021 жылғы 17 наурызда «Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының PISA халықаралық зерттеулеріне қатысуы» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинарда апробациялық зерттеуге қатысатын мектептерге тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында 9-сынып оқушыларын зерттеуге сапалы дайындау және апробация жүргізу үшін компьютерлік техниканы дайындау бойынша ұсыныстар берілді.
18/03/2021
309