
2023 жылғы 6 наурызда Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы таңдалған білім беру ұйымдарының оқушыларын "TIMSS-2023" халықаралық зерттеулерге сапалы дайындау мақсатында Өскемен қаласының ПШО НЗМ АҚ-мен бірлесіп облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "TIMSS: Білімнен дағдыларға" тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.
Вебинарды жүргізуші: ПШО Өскемен қ. филиалының аға менеджері Усенова Дидар Эрнстовна
Вебинар тақырыбы: «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптасыру тапсырмалары»
Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысы жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану пәні мұғалімдеріне TIMSS халықаралық зерттеулері тестілеуі барысында кездесетін тапсырмалар ерекшеліктерін, құрылымын қарастыру.
Күтілетін нәтиже: TIMSS халықаралық зерттеулері тестілеуі барысында кездесетін тапсырмалардың ерекшеліктерін біледі, құрылымын түсінеді.
Қатысышылар: жалпы орта білім беретін облыс мектептердің жаратылыстану пәні мұғалімдері.