Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тіліндегі мектептер) қауымдастығының отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тіліндегі мектептер)  қауымдастығының отырысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылдың  22 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының  №2 отырысын өткізді.                 

Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдары.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А.Ж.Билялова Білім  алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным, емтиханның мақсаты, міндеті, аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы, тапсырмаларының үлгілерімен таныстырды.

Спикерлер: Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының  №9 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Илюбаева Анар Айтказыновна «Заманауи оқыту әдістерін білім беру мазмұнында тиімді қолдану арқылы оқушылардың тұлғалық қабілеттерін шыңдау»;

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі»  КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы,   Шакирова Жанар Амангельдиновна «ҚМЖ жоспардлауда ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру жолдары» оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасау жолдарын, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттырудағы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынды, пікір алмасты.

Әр аудандық, қалалық қауымдастық жетекшілері мен жас мамандары аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен танысты, емтихан материалдарын дайындау жөнінде мағлұматтар алды.

22/01/2024 17
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ