Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Мектептерді PIRLS-2021, PISA-2021 негізгі халықаралық зерттеулеріне дайындау» вебинарын өткізу

«Мектептерді PIRLS-2021, PISA-2021 негізгі халықаралық зерттеулеріне дайындау» вебинарын өткізу - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Мектептерді PIRLS-2021, PISA-2021 негізгі халықаралық зерттеулеріне дайындау» қадамдық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 5 қарашада Педагогикалық шеберлік орталығы жаттықтырушыларының қатысуымен пән мұғалімдері үшін онлайн режимінде вебинар өткізілді.

  Облыс мектептерін негізгі халықаралық зерттеулерге сапалы дайындау мақсатында ZOOM бағдарламасында алты секция бойынша практикалық бөлім ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар «PIRLS-2021 және PISA-2021 негізгі халықаралық зерттеулерін ұйымдастыру және өткізу» халықаралық зерттеулерін өткізу ережелерімен танысты, бастауыш сынып мұғалімдеріне бастауыш сынып оқушыларының саналы оқуын дамыту бойынша «Оқу қазіргі заманға бейімделу үшін қажетті білім алу қабілеті ретінде», «Математика сабақтарында математикалық сауаттылық пен креативті ойлауды қалыптастыру үшін өткен жылдардағы халықаралық зерттеулер тапсырмаларының мысалдарын пайдалану» практикумы өткізілді, жаратылыстану-ғылыми цикл педагогтары үшін «Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқыту кезінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты және креативті ойлауды қалыптастыру» міндеттерін шешу ұсынылды.

  Вебинарға барлығы 600-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері қатысты.

Педагогикалық шеберлік орталығы презентациялары (жүктеу)

 

 

05/11/2020 1259
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы