
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 25 қаңтарда «AmanSultan» ЖШС-ның оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың және педагогтардың кәсіптік сауаттылығы дамуының цифрлық бағдарламасын әзірлеушілермен онлайн-вебинар өткізді.
Жоба жетекшісі Сарсембинова Айжан Нұрланқызы облыс педагогтарын 15 жастағы жасөспірімдердің креативті ойлау және математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған функционалдық сауаттылықты дамыту бағдарламасымен таныстырды.
Компания креативті ойлау және математикалық сауаттылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін 7-9 сынып оқушыларына арналған кешенді тапсырмалар тренажерін ұсынды (фокус PISA-2022). Тренажерде 78 интерактивті тапсырманы қамтитын 24 модуль бар. Бір модульден өту үшін жұмыс форматына және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты 30-дан 60 минутқа дейін уақыт қажет.
Кездесу аяғында педагогтар компания мамандарына сұрақ қойып, талқылауға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Вебинарға облыстың 100-ден артық мектебі қатысты.
Интерактивный тренажер для развития функциональной грамотности учащихся