
Технологиялық білім берудің сапасы мен беделін арттыру және оқушылардың инженерлік біліктілігін дамыту мақсатында 2020 жылғы 17 қарашада Татарстан Республикасының Білім министрлігі онлайн режимде А. Королев атындағы халықаралық жобалық конференция өткізді.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Удмуртия, Мордва елдерінің оқушылары қатысты.
Қазан қаласының инженерлік орталығы көптеген жобалардың ішінен Шығыс Қазақстаннан 6 жобаны іріктеп алды: «Заманауи IT-технологияларды пайдалана отырып, роботтандырылған ай станциясын басқару жүйесі», «Роботтарды жеңілдетілген бағдарламалау», «Денсаулық есептеуіші», «Шығыс Қазақстан облысының өсімдіктерін тану және жіктеу бойынша Plantnet мобильді қосымшасының тиімділігі», «Семей қаласының көрікті жерлері бойынша виртуалды тур».
Конференция қорытындысы бойынша «Ақпараттық технологиялар және бағдарламалау» секциясында ІІ орынды «Семей қаласының көрікті жерлері бойынша виртуалды тур» жобасының авторы «Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Экономикалық лицей» КММ оқушысы Светлана Калинкина алды, жетекшісі Т.В. Муршель; «Робототехника» секциясында ІІІ орынды «Робот-жеткізуші» жобасын әзірлеген ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-лицей-мектебі» КММ оқушылары Рахметуллин Алимжан, Кузьмичев Богдан, Луговой Дмитрий алды, жоба жетекшісі Әуезов Ержан Бекұлы.
Қалған қатысушылар халықаралық конференция сертификаттарын алды.
Балаларды жеңісімен құттықтаймыз!