Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің тәжірибе алмасу сұхбат-алаңы

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің тәжірибе алмасу сұхбат-алаңы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2023 жылдың 30 қарашасында ШҚО Өскемен қаласы «Азамат AS» ЖШС базасында «Балаларды тәрбиелеу және дамытудағы балабақша мен отбасының ықпалдастығы» тақырыбында сұхбат алаңы облыстың жекеменшік балабақшаларына арналған тәжірибе алмасу сұхбат-алаңын өткізді.

Мақсаты: мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында балабақшалардың ата-аналармен өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құруда әдістемелік қолдау көрсете отыра, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Сұхбат алаңды балабақша бүлдіршіндері «Біз – бақытты балдырған!» атты музыкалық сәлемдерімен ашып, ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының әдіскері Қырықбаева А.Қ.  тақырыптық баяндама жасады.

Алаң барысында «Болашаққа сәтті қадам бастауы - балалық шақ» тақырыбында балабақша психологі Шангишбаева Г.С. шебер-сынып көрсетіп, «Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық жолдары» тақырыбында ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақшасы КМҚК (құзіреттілік орталығы) директоры Капезова С.Б. тәжірибесімен бөлісті. «Ата-аналарға арналған қызықты логопедия» іскерлік ойынын логопед-әдіскер Кабылова Н.К. жүргізіп, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбымен  тәрбиеші Капанова Ұ.Ж. қатысушылар назарына шебер-сынып ұсынды.

Сұхбат алаңда қатысушылар балабақша ішіне экскурсия жасап, педагогтердің әдістемелік-көрмесін көрмесін тамашалап, топтардағы балалардың белсенді қызмет орталықтарымен таныса отыра, кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне бақылау жасады.

Шара барысында балабақша құрылтайшысы Мынбаева А.Ж. «Өткеннен – өнеге, бүгінге – бағдар, болашаққа - жоспар» айдарымен балабақшаның 10 жылдығына шолу жасап, арнайы шақырылған балабақшаның бірқатар ардагерлері  мен ата-аналар ыстық ықыластарын білдірді.

Соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, ой бөлісіп, пікір алмасылып, балабақша ұжымына  шығармашылық табыс тіледі.

Сұхбат алаңға Шығыс Қазақстан облысының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының 50 педагогтері қатысты.

30/11/2023 44
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ