Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Үздік педагог -2024» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

«Үздік педагог -2024» республикалық конкурсының облыстық кезеңі - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

«Үздік педагог» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін соның ішінде қала мен аудан педагогтерінің жетістіктерін бағалау болып  қала береді.

Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.

Конкурстың I-і кезеңіне (аудандық, қалалық) 73 педагог қатысты. Олардың 9-ы II-і кезеңге (облыстық) өтті.

Конкурс «Ұлттық білім беру деректер базасы «Үздік педагог» модулі ақпараттық жүйесінде өткізілді. Комиссия мүшелерінің бағалау қорытындысына сәйкес, үшінші кезеңге электронды база арқылы 80-нен жоғары балл жинаған 6 қатысушы іріктелді:

ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі Пахомова Елена Евгеньевна;

ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, тарих мұғалімі Татманова Асига Акашевна;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, ағылшын тілі мұғалімі Подхомутникова Светлана Юрьевна;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибатаева Индира Айтахметовна;

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ, ағылшын тілі мұғалімі Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна;

ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, математика мұғалімі Закарьянова Нургул Советовна.

Жеңімпаздар: Пахомова Е.Е., Татманова А.А., Подхомутникова С.Ю., Ибатаева И.А., Мухаметрахимова Р.Ж., Закарьянова Н.С. байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Республикалық деңгейде қатысатын жүлдегерлерге жеңіс тілейміз!

02/10/2024 6
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ