2023 жылдың 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспары аясында «Үздік тарих пәні мұғалімі-2023» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ базасында облыстық байқауын өткізді.
Байқау мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, зияткерлік даму деңгейі жоғары, ғылыми-әдістемелік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтерді анықтау, көтермелеу және қолдау, тарих пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.
Облыстық «Үздік тарих пәні мұғалімі-2023» байқауының аудандық және қалалық кезеңдеріне 67 педагог қатысты. Облыстық кезеңге аудандық(қалалық) кезеңнің 14 жеңімпазының материалдары ұсынылды.
Байқау комиссиясы қатысушылардың ҚМЖ негізінде жазылған сабақты қорғауын және өткізген сабаққа өзіндік талдау жасауын, сабақтың 10-12 минуттық бейнежазбасын, сонымен бірге «Алаш арыстарын ардақтау – Тәуелсіздікке құрмет» тақырыбына жазған эсселерін бағалады. Пән бойынша орындалған тестік тапсырмалар қаралып, жеңімпаздар анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Татманова Асига Акашевна (Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп- лицейі» КММ);
І орын – Мейрбаев Мади Канатович (Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ);
ІІ орын- Бигельдинова Асем Самажановна (Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ)және Камбасова Молдир Муратбеккызы «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ;
ІІІ орын- Елагина Наталья Владимировна (Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 19 мектеп-қосымша білім беру орталығы»); Слатина Наталья Геннадьевна (ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі»КММ); Ахботина Сауле Каныбековна (Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Малоубинка орта мектебі» КММ) иеленіп, жүлдегер атанды.
Номинация иеленген педагогтер: «Шығармашыл ұстаз»Ахметов Роллан Нургазинович (Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ);
«Жаңашыл ұстаз», Октябрь Биназар Бейбітұлы (ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ);
«Білгір ұстаз», Редькина Ольга Владимировна (Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ;
«Үздік эссе»Азылханова Айнур Бакытжановна (Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ);
«Үздік сабақ жоспары»Баймолдина Айжан Бериковна (Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ);
«Үздік портфолио» Меркушева Елена Сергеевна (Шемонайха ауданы бойынша білім бөлімінің «Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;
«Үздік видеосабақ» Тоқтарқанов Данияр Берікұлы (Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№5 Күршім орта мектебі» КММ).