Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Үздік балабақша тәрбиешісі-2023» облыстық байқауы

«Үздік балабақша тәрбиешісі-2023» облыстық байқауы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында «Үздік балабақша тәрбиешісі-2023» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттай отыра, педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін өсіру; кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыру; облыс көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау.

Байқауға облысымыздың жер-жерлерінен 11 педагогтер қатысты.  Байқаудың Ережесіне сәйкес қатысушылар «Мен-тәрбиешімін!» - тәрбиешінің өзін-өзі таныстыруы; «Ойнайық та, ойлайық!» - байқауға қатысушыларды, көрермендерді тарта отыра, ұйымдастырылған іс-әрекеттен үзінді көрсету; үй тапсырмасы - ата-аналармен жаңа форматта өткізілген іс-шара үзіндісінің бейнетаспасы; «Мамандығым-мақтанышым!» эссе бағыттары бойынша және «Тәрбиешінің сегіз қырының бірі» - өнерлері арқылы сайысқа түсті.

Жұмыстардың мазмұнының байқау бағыттарына сәйкестігі, өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығы мен сапасына баса назар аудара отыра, Байқау комиссиясы шешімі негізінде:    

«Үздік балабақша тәрбиешісі» атты байқаудың бас жүлдесін – ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі Есимова Жанат Кадырбеккызы;

1-орынды – ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Толеухан Жайнагул;                                                                           

2-орынды – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Асаубаева Жанар Токенқызы мен ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Асыл – бөпе» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі Қайрбек Ақерке;

3-орынды – ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Кондыбаева Айжан Кайларқызы мен ШҚО ЖШС ҚКО «Алва» «Алтын кілт» балабақшасы тәрбиешісі Ченваева Зарина Кайратовналар жеңіп алды.

 Байқау номинацияларын ие болғандар:

«Өз ісінің шебері» - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі - Жармұханбетова Аяулым Серікқызы;

«Жаңашыл тәрбиеші» - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені» КММ тәрбиекшісі Жукова Ольга Валерьевна;

«Шығармашыл тәрбиеші» - ШҚО Өскемен қаласы «Азамат-AS» балабақша-бөбекжайы ЖШС тәрбиешісі - Раисова Ельвира Мамбетовна;

«Заманауи тәрбиеші» - ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәншік» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі -  Чедеринова Аяулы Дидаровна;

« Креативті тәрбиеші» - ШҚО ББ  Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайы» тәрбиешісі - Қабыл Айдана. 

 Жүлделі орын алған педагогтерге ШҚО ББ дипломдары мен грамоталарымен марапатталды. Барлық байқауға қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

25/12/2023 292
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ