Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауы

«Үздік оқырман отбасы» облыстық байқауы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 23 қыркүйегінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» қашықтан өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы шығарылды.

Байқаудың облыстық кезеңіне 12 оқырмандар отбасы қатысып, бейнероликтер түрінде шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Әр шығармада жарқын және қызықты отбасылық тарихтар баяндалған. Балалар, аналар мен әкелер, аталар мен әжелер бүкіл отбасылық командалар өздерінің сүйікті кітаптарына деген құштарлықтарын ғана емес, сонымен қатар көркемдік талантын, актерлік шеберлік пен режиссерлік шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:

1-4 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен - Шелепов Данил (Шелеповтар отбасы), ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Горький атындағы негізгі орта мектеп» КММ 1 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Асылбек Әдемі (Өскенбаевтар отбасы), ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ 3 сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломмен – Налимов Михаил (Андроновтар отбасы), ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №1 бастауыш мектебі» КММ 1 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен – Баянғазинова Айзере (Ескендыровтар отбасы), ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Майемер орта мектебі» КММ 4 сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломмен – Урозаев Таир (Урозаевтар отбасы), ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Барашев негізгі орта мектебі» КММ 4 сынып оқушысы;

5-7 сыныптар және отбасылары арасында:

I дәрежелі дипломмен – Алексеева Дарья (Алексеевтар отбасы), ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №1 мектеп-лицейі» КММ 5 сынып оқушысы марапатталды.

Комиссиямен номинациялар тағайындалды:

«Белсенді оқырман» - Бipжaн Caнжap (Нұрахметовтар отбасы), ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зaки Aхметoв aтындағы №16 opтa мектебi» КММ 1 сынып оқушысы;

«Белсенді оқырман» - Целовальник Ульяна (Целовальниктер отбасы), ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп» КММ 2 сынып оқушысы;

«Эрудит оқырман» - Қақышев Әлихан (Қақышевтар отбасы), ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ 5 сынып оқушысы.

«Шығармашыл оқырман» - Нұғымеров Алдияр (Долдановтар отбасы), ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ 5 сынып оқушысы;

«Кітапқұмар отбасы» - Жұмағалиева Айсұлу (Жұмағалиевтар отбасы), ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ. Билялов атындағы мектеп - лицейі» КММ 5 сынып оқушысы.

Барлық отбасылық командалар өздерінің талантын, қиялын, шеберлігі мен оқуға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Берілген тапсырмаларды орындауда мықты отбасылық рух пен отбасылық кітап оқу дәстүрлері маңызды рөл атқарды.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз және одан әрі жемісті жұмыс пен оқырман белсенділігін тілейміз!

#Біртұтас_тәрбие #оқуға_құштар_мектеп #отбасым_мақтанышым #балалар_кітапханасы

24/09/2024 6
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ