Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 28 желтоқсанда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - оқушыларды танымдық әрекеттің негізгі түрі ретінде оқумен таныстыру, бос уақытты өткізудің бір түрі ретінде мектептегі буккроссингті кеңінен насихаттау. Заманауи интерактивті тәсілдер арқылы қазіргі оқушының назарын кітапқа аудару, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 10 мектеп кітапханашылары - аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Комиссия материалдарға бағалау сараптамасын жүргізіп, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталған «Мектеп буккроссингі: бірге оқимыз» облыстық бейнеролик байқауының жеңімпаздарын анықтады:

I дәрежелі дипломмен - ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №6 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі Овсянникова Светлана Сергеевна;

II дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ 3 сынып жетекшісі Изетова Арай Мұратқызы;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 Күршім гимназиясы» КММ кітапхана меңгерушісі Тантакова Айсулу Искаковна;

III дәрежелі дипломмен – ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Облезова Ольга Тимофеевна.

Байқау жеңімпаздарын  құттықтаймыз және оқушылардың оқу белсенділігі мен сауаттылығын дамытуда жемісті жұмыс тілейміз!

28/12/2023 96
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ