Бүгін, Шығыс Қазақстан облысында «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» бағыттары бойынша 10+ және 14 +жас санаттары бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» онлайн-чемпионаты басталды.
Чемпионат өткізудің мақсаты: оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды балаларды анықтау, нақты кәсіби жағдайларда тапсырмаларды практикалық тұрғыда шешу дағдыларын игеру.
Чемпионатқа жарыстың аудандық (қалалық) кезеңдерінің қорытындысы бойынша анықталған 25 құрама команда қатысады. Онлайн-чемпионаттың қатысушылары үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника дағдыларын көрсетуде.
Мысалы, мектеп оқушылары «Робототехника» біліктілігі бойынша роботты жинап қана қоймай, оған ең жақсы «спорттық қабілеттер» орнатуы керек. Бұл электроника, механика, информатика және басқа да нақты ғылымдардан алған білімсіз мүмкін емес.
Қатысушыларды ғылыми дәрежесі бар тәуелсіз кәсіби сарапшылар, білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, қала кәсіпорындарының өкілдері бағалайды.
Чемпионат Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Youtube арнасында онлайн режимде көрсетіледі.
08/04/2021
225