Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» облыстық онлайн-семинар

«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар»  облыстық онлайн-семинар - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 30 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 «Тәлімгерлік қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» бұйрығына сәйкес директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-тәлімгерлер үшін одан әрі жұмыс жоспарын түсіндіру бойынша облыстық онлайн- семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-педагогтің кәсіби өсуі мен дамуына дайын, қажетті кәсіби және адамгершілік қасиеттерге ие білікті маман ретінде қалыптасу процесі бойынша түсіндіру және әдістемелік қолдау.

Семинарға 100-ден астам адам қатысты.

Жұмыс барысында тәлімгерлік туралы ереже мен өткізу тәртібі жайлы түсіндірілді және тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

  • Фоминых Лидия Александровна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №10 мектеп-гимназиясының мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары «Тәлімгерлікті ұйымдастыру: сұрақтар мен жауаптар»;
  • Кубикенова Айгуль Аукешовна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Жас маманның кәсіби жетілуіне тәлімгердің ықпалы».

Семинар соңында тәлімгерлерге жас мамандармен жұмыс жүргізетін жылдық жоспар үлгісі, оқу жылының аяғындағы қорытынды есептің жасау жоспарына талдау жасалып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Онлайн-семинар аяқталғаннан кейін модераторлар – Раимбекова Б.А., Асылханова Б.З қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің назарына осы мәселе бойынша негізгі нормативтік құжаттарды ұсынды.

30/09/2024 7
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ