ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 8 ақпанда педагог - тәлімгерлер мен мектеп директорларының оқу ісі орынбасарларының қатысуымен «Білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті дамыту» облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - жас педагогтермен жұмыс нәтижелілігінің инновациялық формалары мен әдістерін іздеу арқылы тәлімгерлікті әдістемелік сүйемелдеу.
Семинар барысында келесі педагог-тәлімгерлер іс-тәжірибесімен бөлісті:
Чудиновская Мария Александровна - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер және Сулейменова Балжан Асемхановна-Өскемен қаласы бойынша «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер;
Жас мамандардың кәсіби қалыптасуына әдістемелік қолдау көрсету бағытындағы «Жас мамандар » мектебінің жұмыс жүйесімен «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей»КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуралханова Салтанат Нурлановна және Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ботабаева Гулнара Муратовна бөлісті
Шара соңында спикерлер қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, тәлімгерлік бойынша жұмысты жалғастару үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.
Модератор- Касенова Сайраш Куматаевна, беру ұйымдарының білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің әдіскері