Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша түсіндіру жұмыстары» облыстық онлайн-семинары

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша түсіндіру жұмыстары» облыстық онлайн-семинары - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

2024 жылғы 25 қаңтарда  ШҚО білім басқармасының «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының  жылдық жоспарына сәйкес «ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз және маусым айларында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Тарбағатай, Күршім және Алтай аудандарының 29 мектебінің директорлары мен орынбасарларына білім беру ұйымдарын аттестаттаудан өткізуге дайындау және өткізу бойынша облыстық онлайн-семинар өткізді.

Мақсаты – «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР ОАМ 05.01.2022 жылғы №486 бұйрығына сәйкес білім беру қызметін өзін-өзі бағалау кезінде білім беру ұйымдарының құжаттарын түсіндіру және дайындау.

Семинар барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекшісі Раимбекова Ботагоз Акатевна қатысушыларды білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауға дайындаудың негізгі бағыттары және өлшемдерімен таныстырды.

Жалпы ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің тармақтары түсіндірілді.

Семинарда мемлекеттік аттестаттаудан өткен мектептер – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі » КММ және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Исток»жалпы орта білім беретін жекеменшік мектептері тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында «Исток» жалпы орта білім беретін жекеменшік мектебінің   директоры  Кривошеина  Наталья  Викторовна      және  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Шилова Евгения Владимировна, Королькова Анастасья Валерьевна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Курмашева Светлана Николаевна , ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баймухырова Айжан Аскербековна  білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауға дайындаудың негізгі бағыттары мен өзін-өзі аттестаттауды жүргізудің құжаттары бойынша таныстырылым жасады.

Семинар соңында спикерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

26/01/2024 34
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ