Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Оrken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 29 қазанында «Бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Өз іс-тәжірибелерімен Өскемен қалалық білім бөлімінің «№24 орта мектебі» КММ нің мұғалімдері бөлісті.
Оның ішінде:
-Апасова Екатерина Ивановна «Цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында теориялық баяндама жасады;
-Кумарова Алия Кумаровна, Умытканова Назерке Умытканқызы, Ещанова Дана Маратовна «Цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» бойынша жаңа әдіс-тәсілдермен таныстыра отырып, роликтер және физ минуттар көрсетті;
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, өз тәжірибелеріне пайдаланатындарын айтты.