Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» облыстық семинар-практикумы

«Бірінші  сынып оқушыларының мектепке бейімделуі»  облыстық семинар-практикумы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының  және «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы  негізіндегі Жол  картасын іске асыру  аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес  2024 жылғы 27 қыркүйекте   ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп - қосымша білім беру орталығы»  КММ базасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бірінші  сынып оқушыларының мектепке бейімделуі» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдар  мен  бастауыш сыныптар арасындағы сабақтастықты арттыру және баланың мектепке бейімделу дайындығын, танымдық қабілеттерін айқындау, іс – тәжірибелермен  бөлісу.

        Семинарға  аудан мектептерінің және  нысаналы мектептердің мектепалды даярлық және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

         Шара   барысында: 

     -    №48 мектеп - қосымша білім беру орталығының бастауыш сынып мұғалімдері М.Жанкебаева, А.Едильбаева,  мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері А.Найманова, А.Нұрахмановалар «Оқушылардың оқу дағдысын дамытуды жүзеге асыру жолдары», «Ұлттық құндылықтардың тиімді әдіс-тәсілдері арқылы тәрбиеленушілердің саусақ моторикасын дамыту» тақырыптарында шебер сынып;                                              

  -    мектеп  психологы Г.Саябаева «Бірінші сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында тренинг;

 -   бастауыш сынып мұғалімдері А.Ғұмарова, А.Оразаева «Әліппе» және «Математика» пәндерінен ашық сабақтар ұсынды.

        Балаларды мектепке  даярлау кезіндегі туындайтын қиындықтар және балаларды мектепке дайындауда IT технологияларын қолданудың тиімділігі бойынша «Мұрагер», «Ақ Сұңқар Премиум» балабақша тәрбиешілері: Е.Проскурякова, С.Абылгазина, А.Қытановалар  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

      Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

27/09/2024 10
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ