ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының №1 арнайы мектеп-интернатының тәжірибесін тарату мақсатында 2024 жылы 20 қыркүйекте «Мектеп-интернаттың ішкі міндеттерін шешудегі сыртқы байланыстардың рөлі» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алипова А.К., «Психология және түзету педагогикасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тренер-сарапшы Кукина Ю.Е., арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, барлығы 35 педагог қатысты.
Семинар барысында ШҚО білім басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды әлеуметтендіру, кәсіптік бағдарлау және қоғамда өз орнын табуды сыртқы байланыстар мен әлеуметтік серіктестік арқылы жүзеге асырудағы мектептің жұмыс тәжірибесін таратып, пікір алмасты.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға сертификат және мектепке орталықтың атынан бизиборд табысталды.