2024 жылғы 5 қыркүйек күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі жобалық офистің жұмыс жоспары негізінде жобаға жауапты аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлер-кураторлары, 25 мектеп директорлары және директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларымен кіріс диагностикасы бойынша оқыту кеңес өткізді.
Шара барысында халықаралық зерттеулер және ынтымақтастықтың әдістемелік бөлімінің басшысы А. К. Муканова облыстық нысаналы мектептерге Testter.kz онлайн платформасында 2024 жылғы 11-20 қыркүйек аралығында 5-11 сынып оқушылары және пәндер бойынша кіріс бақылау өткізу кестесін ұсынды.
Testter.kz онлайн платформасы жобасының жетекшісі Д.С. Кумаргазин порталдағы жұмыс негіздерімен таныстырып, тестілеуге тіркелу алгоритімі және шараны өткізу тәртібіне таныстырылым жасады.
Іс-шараға 58 адам қатысты.