Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» оқыту семинары

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» оқыту семинары - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 15-16 тамыз аралығында облыстың 630 білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері таныстырылды. 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.

Іс-шара аясында бағдарламаның негізгі аспектілері ұсынылды: оның мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелері, сондай-ақ Бағдарламаны табысты іске асыру үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу. Қауіпсіздік сабақтары мен әлеуметтік жобалары туралы толық ақпарат берілді. «Досболlike» және «Менің бауырым» жобалары арқылы құндылықтарды сіңіру мәселелері қаралды, сондай-ақ мектептерде ішкі тәртіпті қамтамасыз ету ережелері талқыланды.

Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар білім беру ұйымдарында «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыруға бағытталған топтық жұмыстар орындады.

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысқан барлық педагогтерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламсын енгізу бойынша әдістемелік ұсыным берілді.

16/08/2024 5
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ