2024 жылдың 29 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Сараптамалық кеңес отырысында облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 35 материал, оның ішінде 15 әдістемелік құрал, 8 авторлық бағдарлама, 7 элективті курс бағдарламалары қаралды.
Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 14 комиссия мүшесі қатысып, ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске «Программирование БПЛА: курс управления дронами для школьников» ШҚО Өскемен қаласы білім басқармасының «Математика, физика, информатика салаларында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» информатика пән мұғалімі Макиенко Оксана Владимировнаның авторлық бағдарламасы ұсынылды.